ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

«Samruk-Kazyna Trust» қызметкерлері параволейболшылармен жолдастық кездесу өткізді

14/06/2023

Samruk-Kazyna Trust» қоры қолдау көрсеткен әлеуметтік жобалармен тығыз танысу тәжірибесін бастады.

Қор менеджерлері көбіне жобаның құжаттағы бейнесін көреді, оның іске асырылуын бақылайды. Ал енді жобаның жетекшілері – көмекті алушы бенефициарларымен тікелей байланыс орнатпақ.

Кездескен спортшылар осы жылдың басында Қор қолдауымен ойынға қажетті еден жабындарын, тіректер мен торлар жиынтығын, сондай-ақ волейбол доптарын тегін иеленген.

Тамаша сәтті пайдаланып қызметкерлер жұмыстан кейін паралимпиадалық жаттығу орталығында параволейболшылармен жақсы ойын жаттығуларын өткізді. Кәсіби спортшылармен бір алаңда ойнау оңай болмағанын, алайда қызықты өткенін қызметкерлер жасырмады.

Біз жобаларымыз арқылы адамдарға спортта және өзгеде бағыттарда өздерін дамытуда қолдау білдіріп отырғанымызға қуаныштымыз. Сергектік пен күшті мотивация - бәріміз үшін осы кездесудің баға жетпес нәтижелері болды.

Бұл болашақта жақсы дәстүрге айналатынына сенімдіміз. Спортшыларымызға сәттілік пен денсаулық тілейміз.

Биіктерге бірге !

Добавить комментарий