«Samruk-Kazyna Trust» қоры болашаққа инвестиция салуда: өңірлерде жастарға арналған креативті хабтар ашылуда
23/04/2025

Креативті индустрияны дамыту - өңірлердегі талантты жастарды қолдау, дамуы мен мүмкіндіктері үшін жағдай жасау. Бүгін «Samruk-Kazyna Trust» қорының бас директоры Альфия Адиева «ASTANA CREATIVE MEETUP» шарасында сала өкілдеріне «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының ашқан креативті хабтарының жұмысымен таныстырды.

2023 жылдан бері Қор қолдауымен Ақтөбеде С.Жиенбаев атындағы облыстық кітапханада, 2024 жылы Петропавлда драма театрында, 2025 жылы Оралда Жастар сарайының базасында креативті хабтар құрылды. «Samruk-Kazyna Trust» қоры орталықтарды мазмұндық жағынан байытып, заманауи кеңістіктер үшін құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті. Әрбір хабта галереялар, шеберханалар, музыкалық студиялар, ТИК-ТОК аймақтар, коворкинг, кітапхана және басқа да білім беру аймақтары бар.

«Шығармашылық орталықты құру - бұл болашаққа инвестиция. Бұл тек құрал-жабдықтары бар ғимарат емес, дарынды жастар бірігетін орын, идеялар мен жобалар пайда болатын орта», - деп атап өтті корпоративтік қор басшысы Альфия Адиева.
Айта кетейік, «ASTANA CREATIVE MEETUP» 21 сәуір – халықарлық креатив күніне орай ұйымдастырылып, еліміздегі креативті индустрия саласындағы жетекші мамандар мен сарапшыларды жинады.
Добавить комментарий