«Samruk-Kazyna Trust» қоры «Ақ мерген» PRсыйлығының жеңімпазы атанды
24/02/2025

Самұрық-Қазына» АҚ-ның бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» қоры «Ақ Мерген» қоғаммен байланыс саласындағы XII қазақстандық сыйлықпен марапатталды. Қордың «Charity Samruk Marathon – 2024» жобасының нәтижесі мен коммуникациялық стратегиясы үздік бағаланып, «Қайырымдылық» номинациясының жеңімпазы атанды.
«Charity Samruk Marathon - 2024» қайырымдылық марафоны өткен жылдың маусым айында Астанада ұйымдастырылып, оған 1200-ден астам адам қатысты. Шарада жиналған 127 млн теңгеге Астананың 5 мектебінде инклюзияны қолдау кабинеттері ашылды. Қайырымдылық марафонында жүзеге асқан табысты тәжірибе жалғасын тауып, «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен 2024 жылы Астананың 10 мектебінде кабинеттер ашылды. Соның арқасында 500-ден астам ерекше бала инклюзивті біліммен қамтылды, елордалық мектептерде инклюзия кабинеттеріне қажеттіліктің 16%-ы өтелді.

2025 жылы «Charity Samruk Marathon» қайырымдылық марафоны 3 мамырда республикалық деңгейде 3 мың қазақстандықтың қатысуымен өтеді. Қайырымдылық қаражаты Астананың мектептерінде жаңа инклюзия кабинеттерін ашуға бағыталады.
12-ші жыл ұйымдастырылып отырған PR саласындағы «Ақ Мерген» қазақстандық сыйлығы еліміздегі PR нарығын дамытуға, қоғаммен корпоративтік және мемлекеттік қарым-қатынастардың мәдениеті мен дәстүрлерін қалыптастыруға бағытталған.
Добавить комментарий