ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

«Samruk-Kazyna Trust» қоры 2023 жылы  жарты миллион қазақстандыққа көмек көрсеткен

26/01/2024

Бұл ақпарат Астанада өткен Қордың 2023 жылы атқарған жұмысын қорытындылау шарасында айтылды. Қор компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» КҚ бас директоры Альфия Адиеваның айтуынша:

  • Өткен жылы инклюзия және медицина бағыттарында Қазақстан бойынша ерекше балаларға арналған 35 оңалту орталығы ашылса, биыл тағы               9 орталық іске қосылады.
  • Еліміздің 23 елдімекенінде бейімделген спорт секцияларында 1000-нан аса ерекше бала 12 паралимпиадалық спорт түрінен жаттығуларға қатысып жүр және Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында инклюзиялық жазғы лагерьлер ұйымдастырылды.
  • «Туған елге саяхат» пойызы арқылы 600 дарынды бала еліміздің түкпір-түкпірін аралап шықты.
  • «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы 8 айдың ішінде 121 шалғай бекетте болып, 100 мың ауыл тұрғынына тегін медициналық және құқықтық жәрдем көрсеткен.
  • Білім беру бағытында «Жарқын болашақ» жобасы аясында 227 ауыл оқушысының білім алуына жағдай жасалып, 2 түлек жұмысқа орналасып үлгерді. Алматы облысындағы тұрмысы төмен отбасылардағы 500-ге тарта бала мектептен тыс қосымша тегін оқумен қамтылып, бастауыш сынып оқушыларына зейнеттегі тәжірибелі педагогтар сабақ беруде.
  •  Әлеуметтік осал топтағы ерекше баласы бар, көпбалалалы, мүмкіндігі шектеулі, үйде отырған 350 азамат жаңа кәсіпке оқытылды. Қор олардың кәсіп бастауына гранттар табыстады.
  • Астанада аз қамтылған, көпбалалы және толық емес отбасылардан шыққан 3000 балаға тегін шығармашылық, спорттық және білім беру үйірмелері, коворкинг орталықтары ұйымдастырылып отыр.
  • Мемлекеттік тілді дамыту бағытында «Soyle» жобасына жанашырлық танытылып келеді. Онлайн порталды пайдаланушылар саны 2023 жылы 361 732 болса, қаралым саны 1,5 миллионнан асты.
  • Бұқаралық спортты дамыту бағытында бір жылдың ішінде 12 өңірде 8 ірі спорт кешені мен 26 спорт-ойын алаңы салынып, халық игілігіне берілді.

«Нәтижесінде, жылдағы дәстүрге сай, жарты миллион қазақстандық түрлі әлеуметтік көмек алып үлгерді. Және 600-ден астам адам жұмыспен қамтылды», - деп мәлімдеді Қордың бас директоры Альфия Адиева.  

Добавить комментарий