«Samruk-Kazyna Trust» қаржыландыруымен Даун синдромы бар балалар және олардың ата-аналарына шетелдік мамандармен мастер-класстар ұйымдастырылды

25/04/2023

Алматыдағы «Каритас Қазақстан» қайырымдылық қоры Верона қаласынан келген Инклюзивті білім беру университетінің профессорларын қабылдады. Луиджи Анджело Сангалли және Фабио Тоньонмен бірлесіп «21 трисомиясы бар бала: үй және әлеуметтік автономияға ықпал ететін сенсорлық және моторлық мүмкіндіктер» тақырыбындағы шеберлік сыныптары 24-27 сәуір аралығында өтеді.
Бұл мүмкіндік «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен ұйымдастырылды. Шараға балалар, ата-аналар мен педагогтар қатысуда.
Мұнда Даун синдромы бар балалардың күнделікті тапсырмаларды орындап, әлеуметтік өмірге бейімделуіне бағытталған.
Шеберлік сабақтарында балалардың деңгейін анықтап, мамандардың жұмысын бағалаумен қатар ата-аналарға кеңес берілсе, қосымша үй және әлеуметтік автономияға ықпал ететін сенсорлық және моторлық мүмкіндіктер, неврологиялық дезорганизация және баланың дамуына бағытталған интеллектуалды ынталандыру бағдарламалары қамтылады. Дәл осы секілді шеберлік сыныптары Алматыдан басқа, Астана, Көкшетау және Атырау қалаларында да өткізіледі.

Comments are closed.