ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

«Samruk-Kazyna Trust» қаржыландыратын «Mektep online» білім беру жобасы 26 миллион қаралымға ие болды

21/09/2022

2022 жылдың қыркүйек айынан бастап 1-11 сынып оқушылары mektep-online.kz сайтында мектеп бағдарламасының негізгі пәндері бойынша жаңа сапалы бейне – сабақтарға еркін қол жеткізу мүмкіндігіне ие болды. Жоба авторлары бейне сабақтар ақылы тәрбиешілерге лайықты балама болатынына сондай-ақ, қосымша сапалы онлайн сабақтарға еркін қол жеткізуде балалар санының арта түсетініне сенімді.

«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қаржылық қолдауымен «VECTOR Foundation» жеке қоры mektep-online.kz білім беру жобасын таныстырды. Бұл төменгі, орта және жоғары мектеп сыныптарының бағдарламасы бойынша төрт мыңға жуық бейне сабақтар жинақталған және құрылымдалған сайт қана емес, сонымен қатар, «МЕКТЕП-online Математика», «МЕКТЕП-online Химия», «МЕКТЕП-online Биология», «МЕКТЕП-online Физика» YouTube арналары бар жоба. Жобаның бюджеті 135 млн теңгені құрады.

«Самұрық-Қазына» компаниялар тобы денсаулық сақтау, білім беру және спорт сияқты бағыттардағы балаларға арналған жобаларға ерекше назар аударып келеді. Қор көрсеткен қайырымдылық қолдау идеяны жалпы білім беретін мектептердің барлық сыныптары үшін екі тілде сапалы сабақтары бар нақты онлайн мектепке айналдыруға көмектесті», — деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» қорының бас директоры Альфия Адиева.

2020 жылы Мектеп ONLINE жобасының математика, геометрия, химия, биология және физика сабақтары бойынша YouTube арналары құрылған, бүгінде бұл арналар 26 миллионнан астам қаралымға ие болып, 400 000-нан астам оқырманды жинады отыр. Әр көрсетілген бейнеге балалар, ата-аналар және мұғалімдер белсенді пікір білдіруде.

Жазылған пікірлер мен көрсетілім саны бойынша ONLINE-Мектеп Математика арнасы көшбасшы болып тұр, бұл арна 20-дан астам жақын және алыс шетелдерден (Ресей, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан, Армения және т.б.) 239 000 жазылушыны жинап және 15 миллионнан астам қаралымға жеткен. 2022 жылдан бастап бұл каналдар қазақ тілінде 1-4 сыныптарға арналған ойын-білім беру контентімен толықтырылды.

Mektep-online жобасы ұстаздар тапшылығы мен білім сапасындағы кедергілерді жою мақсатында балаларды қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді білім беру бағдарламаларымен қамтамасыз етуге бағытталған.

Youtube арнасына сілтеме: https://www.youtube.com/channel/UCIIzV1CL8Gdt9FLJGfceejw

Добавить комментарий