ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

«Samruk-Kazyna Trust» ашқан оңалту орталықтарында 65 ерекше баланың тұсауы кесілді

14/03/2025

    Қайырымдылық күнінің қарсаңында «Samruk-Kazyna Trust» қорымен ашылған оңалту орталықтарында «Тұсаукесер» республикалық акциясы өтті. Онда кешенді оңалту көмегін алған түрлі диагнозы бар 65 балаға тұсау кесу рәсімі жүргізіліп, балақайлар алғашқы қадамдарын жасады. 

    «Самұрық-Қазына» АҚ және еншілес кәсіпорындарының жетекшілері мен мамандары балалардың тұсауын кесіп, өмірдегі маңызды қадамдарына сәттілік тіледі. 

    «Еліміз бойынша «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен 45 оңалту орталығы жұмыс істейді. Бүгінгі таңда аталмыш орталықтарда кешенді оңалтудан өткен ерекше балалардың денсаулығында оң нәтиже көрінуде. Оңалту орталықтарының жұмыс нәтижесі біз үшін үлкен қуаныш. Біз балаларға көмек көрсетіп, олардың өмір сапасын жақсартуға ықпал етіп жатқанымыз қуантады. Бүгінгі тұсаукесер рәсімі – осы ұлы істің бір бөлігі ғана. Әрбір жасалған қадам, әрбір айтылған сөз – бұл біздің ортақ еңбегіміздің жемісі», – деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» қорының бас директоры Альфия Адиева.

    Айта кетейік, аталмыш орталықтар «Samruk-Kazyna Trust», «Қамқорлық қоры» және «Қазақстан халқына» қорларымен бірлесе ашылған. Жыл сайын 30 мыңнан астам бала кешенді түрде ем алады. Орталықтардың қызметінің нәтижесінде 5 мыңға тарта бала өз бетінше алғашқы қадамдарын жасады, 6 мыңнан астам баланың тілі шықты.

Добавить комментарий