«SAMRUK BALA CUP» республикалық турнирінің жеңімпаздары марапатталды

06/02/2024

Астанада 4-6 ақпан аралығында «Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен өткен жарысқа Ақмола, Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Қарағанды облыстарынан 300-ден астам бала мен жаттықтырушы қатысты.

Турнирдің марапаттау рәсіміне «Самұрық-Қазына» АҚ корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов қатысып, жүлделі 1, 2 және 3 орын жеңімпаздарын марапаттады.

Нәтижесінде 1 орынды Ақмола облысы Целиноград ауданынан келген «Родина» командасы, 2 орынды Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының  «Алтай БЖСМ» командасы, ал 3 орынды Павлодар облысы Тереңкөл ауданының «Юность» командасының спортшылары иеленді.

«Елімізде алғаш рет ауыл балалары мен жасөспірімдері арасында «SAMRUK BALA CUP» атты ауқымды республикалық хоккей турнирі ұйымдастырылып отыр. Бұл Қазақстанда жасөспірімдер мен жастар спортын дамытуға бағытталған тамаша қадам. Жас спортшылардың әлеуеті мен олардың жеңіске деген құлшынысы бізде чемпиондардың керемет буыны өсіп келе жатқанын көрсетеді. Бұқаралық спортты дамытудағы жобаларды жалғастыратын боламыз», – деп атап өтті Ғибрат Ауғанов.

Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» АҚ атынан қатысқан әр командаға хоккей жабдықтарын алуға  250 000 теңгеге сертификаттар табысталды.

Турнир «Самұрық-Қазынаның» қайырымдылық қызметінің бірыңғай операторы – «Samruk-Kazyna Trust» қорының қаржылай қолдауымен «Altyn shaibaly» жобасы аясында екінші рет өткізіліп отыр. Сәуірде Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген ауыл балаларының командалары арасында тағы бір турнир өтеді. Жоба балалар мен жасөспірімдер арасында хоккейді дамытуға бағытталған.

Comments are closed.