ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

«SAMRUK BALA CUP» хоккей турнирінің жеңімпаздары анықталды

15/12/2023

«Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен өткен «SAMRUK BALA CUP 2023» балалар командалары арасындағы республикалық турнир мәресіне жетті.

Спорт шарасы 11-14 желтоқсан аралығында Астанада 300 баланың қатысуымен өтіп, Қазақстан тарихындағы ең ауқымды балалар хоккей жарыстарының біріне айналды. 8 өңірден 24 команда, сондай-ақ Өзбекстан мен Қырғызстаннан командалар өнер көрсетті.

Төрт күннің қорытындысы бойынша командасы республикалық турнирдің чемпионы болып «Астана-1» командасы атанды. Екінші орынды «Барыс-1» тобы иеленсе, турнирдің қола жүлдегері болып «Барыс-2» командасы атанды. Турнирдің барлық қатысушылары мен жеңімпаздарына медальдармен және кубоктармен марапатталды.

Бұл турнир «Самұрық-Қазына» АҚ қайырымдылық қызметінің бірыңғай операторы – «Samruk-Kazyna Trust» қорының қаржыландыратын «Altyn shaibaly» жобасы аясындағы алғашқы балалар хоккей жарысы. 2024 жылы Қазақстанның түкпір-түкпірінен ауыл балаларының командалары арасындағы екі ауқымды балалар хоккей жарысы ұйымдастыру жоспарда бар.

Добавить комментарий