«Самұрық-Қазына» АҚ Алматыдағы онкологиялық орталығына құны 228 млн теңге қондырғыны табыстады  

29/06/2023

Бүгін, «Самұрық-Қазына» АҚ 15 жылдығына орай, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының онкология бөліміне қан құрамын өңдеуге қажет «Radgil 2» қондырғысы табысталды.

Мәліметке сүйенсек, Қазақстанда жыл сайын 600-ге жуық бала қатерлі ісікпен ауырады. Тиісінше, халықаралық стандарттарға сәйкес, онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің жоғары технологиялық әдістерінің қолжетімділігін одан әрі арттыру талап етілуде.

Соңғы жылдарда шетелдік емдеу шараларына қызығушылық басым. Оларды елімізде енгізу мақсатында «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» қоры медицина мекемесіне қажетті жабдықты алуға қаржылай қолдау көрсетті. Нәтижесінде қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсанында Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына рентген жүйесі тапсырылды.

«Radgil 2» қондырғысы қан компонеттерінің айналмалы ыдыста біркелкі сәулеленуін қамтамасыз етеді. Арнайы жасалған сыйымдылық бір уақытта бірнеше контейнерді өңдеуге мүмкіндік береді (процедура үшін 1800 мл-ге дейін). Оларды мүмкіндігінше біркелкі сәулелендіріп, тромбоциттердің агрегациясын болдырмайды. Басқару тақтасы қарапайым, жылдам және ыңғайлы пайдалануға мүмкіндік беретін эргономикалық дизайнға ие. Сенсорлық экранмен және интуитивті мәзірмен ерекшеленеді. Құрылғы өңделетін материалдарды орналастыру жүйесімен, арнайы жоғары жиілікті рентген генераторы және процедуралық деректерді енгізу мен тиісті ақпаратты көрсету үшін LCD интерфейсі бар экрандалған бөлімнен тұрады.

Орнатылған құрылғы арқылы онкологиялық аурулары бар 2000 балаға ем шаралары жасалады.

Comments are closed.