«Салауатты Қазақстан» медициналық поезы қазір Батыс Қазақстан облысының тұрғындарына тегін көмек көрсетіп жатыр.
04/10/2023
Сіздер үшін ақжолтай құрамның алдағы күндерге кестесін ұсынамыз.
5 қазан - Амангелді стансасы
6 қазан – Шыңгырлау және Илек бекеттері
7 қазан – Жайсан бекеті
Қазан айының 7 – 17 аралығында Ақөбе облысын аралайды.
7 қазан - Кемпірсай
8 қазан - Қандыағаш
9 қазан - Жем
10 қазан - Мұғалжар
12 қазан – Бершүгір
14 қазан - Қотыртас
16 қазан - Шалқар
17 қазан - Қарашоқат бекеттерінде болады.
Әрі қарай Медициналық пеозд Қызылорда облысының шалғай ауыл, аудандарына жол тартады. Қазан айының 18нен бастап қараша айының 3не дейін 12 бекеттке тоқтап, қызылордалық тұрғындарға тегін медициналық қызмет көрсететін болады. Қызылорда облысы бойынша кестені алдағы уақытта жариялайтын боламыз.
Жалпы темір жол үстіндегі емхана сәуір айынан бері еліміздің 11 өңірінде Жетісу, Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ұлытау, Қарағанды, Маңғыстау және Атырау облыстарында болды.
Сөйтіп, 70-тен астам станцияда 45 000 адамға көмек көрсетті. Шағын амбулаториялық операциялар арқылы 5 000 астам адамның өмірін сақтап қалды. Шалғай елдімекен тұрғындарына емдік-кеңес беру қызметі ақысыз көрсетіледі.
Биыл дәрігерлер құрамына азаматтарға тиімді психологиялық, құқықтық әрі медиативтік (татуластыру) көмек көрсететін мамандар қосылды.
Жоба бюджеті: 590 миллион теңге.
Добавить комментарий