ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы бүгін Түркістан облысына жетті

03/11/2023

Бұған дейін темір жол үстіндегі емхана Қызылорда облысының 12 бекетіне тоқтап, мыңдаған тұрғынға медициналық көмек көрсеткен болатын.

Ақжолтай құрам Түркістан облысына қарасты Күншағыр (03-05.11), Ақшоқат (05-07.11), Қарақоңыр (07-09.11), Шағыр (09-11.11), Бадам (11-13.11), Игілік (13-15.11), Қызылсай (15-17.11) және Ынтымақ (17-19.11) бекеттерінде халыққа қызмет көрсетеді.

Айта кетейік, медициналық пойыз өз жұмысын биыл сәуір айында бастады. Содан бері 60 мыңнан аса халық мықты мамандардан тегін әрі сапалы көмек алып үлгерді.

Естеріңізге салсақ, әлеуметтік жобаны «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қатысуымен жүзеге асыруда.

Түркістан аймағында жұмысы аяқталғаннан кейін медициналық пойыз Жамбыл облысында (20 қараша мен 05 желтоқсан аралығы) 8 станцияға аялдайды. Ал 6 желтоқсанда теміржолдағы денсаулық керуенінің қызметі қорытындыланады.

Добавить комментарий