ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

Қайырымдылық күніне тарту: Астанада «Самұрық-Қазынаның» 11-ші инклюзия кабинеті ашылды

14/03/2025

Қайырымдылық күні қарсаңында Астананың №53 мектебінде инклюзияны қолдаудың жаңа кабинеті жұмысын бастады. Бұл «Самұрық-Қазына» қорының Қазақстанда инклюзивті білім беруді дамытуға бағытталған  ауқымды бастамасының жалғасы.

Бұған дейін бірыңғай қайырымдылық операторы «Samruk-Kazyna Trust» қорының қаржыландыруымен елорданың 10 мектебінде осы форматтағы кабинеттер ашылып, 500-ге тарта бала немесе ерекше балалардың 16%-ы инклюзивті біліммен қамтылған болатын.

№53 мектепте инклюзияны қолдау кабинетіне 46 ерекше білім беру қажеттілігі бар бала барады. Мұнда оұушылармен қосымша білім берумен айналысып қоймай, олардың шығармашылық дамуы және қоғамның әлеуметтенуіне септеседі. 

«Бүгінгі таңда Астана қаласында 11 инклюзияны кабинетін, Ақмола облысында 4 кабинетті ашып отырмыз. Бұл бастамамыз алдағы уақытта да жалғасын табады. 3 мамырда елордада «Samruk Charity Marathon» үшінші қайырымдылық марафонын өткізіп, жиналған қаражатқа ерекше балалар үшін жаңа инклюзия кабинеттерін ашуды жоспарлап отырмыз», - деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» қорының бас директоры Альфия Адиева. 

Инклюзияны қолдау кабинеттерінің тұжырымдамасы «Самұрық-Қазына» қоры және инклюзия сарапшыларымен жетілдірілді. Кабинеттер open space форматында жұмыс істейді және дефектолог, логопед, психологқа арналған аймақтарды, сондай-ақ қыш шеберханасын қамтиды. Сонымен қатар, заманауи спорттық жабдықтары бар емдік дене шынықтыру кабинеті бар.

Добавить комментарий