Жаңаөзен қаласының жалпы білім беретін мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайту

11/12/2022

ҮЕҰ атауы: "Жарылқау" ҚҚ

Бюджеті: 168 928 000 теңге

Жоба географиясы: Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы

Мақсатты аудиториясы: Жаңаөзен қаласының оқушылары мен оқытушылары

Мақсаты: жоба Жаңаөзен қаласының үш мектебін заманауи жабдықтармен және жиһаздармен жарақтандыруға, білім беру және мектептерді нығайту саласындағы қызметке жәрдемдесуге бағытталған.

Негізі: Қамқоршылық кеңестің 22-23.06.2022 жылғы №12/22 шешімі

Жобаның сипаттамасы: 

Жобаны іске асыру шеңберінде мынадай нәтижелерге қол жеткізілді:
- Үш мектепте 1756 жаңа жиһаз жиынтығы (үстелдер орындықтар) және 12 интерактивті панель орнатылды (№18, №20, №22);
- педагогтарға панельмен жұмыс жасау арқылы жұмыста интерактивті және заманауи әдістерді қолдануға, сондай-ақ Білім инновация лицейлерінің тәжірибесі негізінде әдістер мен тәжірибелерді қолдануға мүмкіндік берілді;
- мектеп оқушыларына ыңғайлы заманауи үстелдер мен орындықтар үшін жайлы ортада білім алуға мүмкіндік берілді.

Comments are closed.