«WTT Youth Contender Almaty» халықаралық жасөспірімдер турнирін өткізу

28/12/2023

Бюджеті: 32 829 742 тг

Іске асыру мерзімі: 2023 жылғы шілде-2023 жылғы 31 желтоқсан

Жобаның географиясы: Алматы қ.

ҮЕҰ атауы: «Қазақстан Республикасының үстел теннисі федерациясы» ҚБ

Мақсаты: Жоба үстел теннисімен айналысатындардың санын көбейтуге, балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға бағытталған.

Мақсатты топ: Балалар, жастар және спортшылар.

Жобаның сипаттамасы:  

2023 жылғы 25-28 шілде аралығында Алматы қаласында бес жас санатындағы үстел теннисінен WTA Youth Contender Almaty Халықаралық жасөспірімдер турнирі өткізілді. Жарысқа әлемнің 13 елінен 159 спортшы қатысты, атап айтқанда, Қытай Тайбэйі, Гонконг, АҚШ, БАӘ, Италия, Бельгия, Оман, Иран, Үндістан, Қырғызстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Қазақстан.
2023 жылғы 23 желтоқсанда Астана, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Ақтөбе қалаларында ерекше қажеттіліктері бар 150 балаға арналған шеберлік шаралары өткізілді.

Comments are closed.