«Туған елге саяхат» балалар пойызы

15/06/2023

ҮЕҰ атауы: КФ «Әлеуметтік жобалар қоры»

Бюджеті: 338 509 876 теңге

Жоба географиясы: Қазақстанның барлық аумағында жүзеге асырылады

Мақсаты: ұлт бірлігі сезімін, өз халқына деген құрметті, патриотизмді және өзін-өзі тануды қалыптастыру, балаларды табиғат орындарымен таныстыру және еліміздің мәдениетіне, оның тарихи өткеніне деген сүйіспеншілікті арттыру

Мақсатты аудиториясы: 10-15 жас аралығындағы балалар / 600 бала

Негізі: Қамқоршылық кеңестің 03.05.2023 жылғы №05/23 шешімі

Жобаның сипаттамасы: демалыс кезінде Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген балалар ел бойынша саяхатқа шығып, 1 турда Астана - Байқоңыр - Түркістан - Алматы - Бурабай-Астана бағыты бойынша; 2 турда Астана - Байқоңыр-Түркістан - Алматы-Алакөл-Астана бағыты бойынша;
3 турда Астана - Алматы-Түркістан - Байқоңыр-Ақтау-Астана бағыты бойынша Қазақстанның көрікті жерлерін аралайтын туристік пойыз.
Жобаға қатысушылар арасында еліміздің шалғай елді мекендерінен, көпбалалы және толық емес отбасылардан шыққан "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобының өндірістік кәсіптері қызметкерлерінің балалары, сондай-ақ үздік шығарма үшін конкурста жеңіске жеткен балалар бар. Жол бойында тәлімгерлер мен аниматорлар балаларға ойын-сауық, конкурстар, ағылшын тілі сабақтары, ойындар ұйымдастырады. Жобаның әрбір қатысушысы рюкзак, ішетін ыдыс, Гигиена құралдары, қалпақ, футболка және т. б. бар туристік жинақ алады.

Сілтеме: Instagram

Comments are closed.