Tabysty Otbasy

28/12/2023

Бюджеті: 50 000 000 тг

Іске асыру мерзімі: 2023 жылғы қазан - 2024 жылғы сәуір

Жобаның географиясы: Ақмола облысы

ҮЕҰ атауы: "Отбасы" әлеуметтік-мәдени қоры" қоғамдық қоры

Мақсаты: Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан жастарды, жалғызбасты, көпбалалы аналарды жұмысқа орналастыру, өзін жұмыспен қамту үшін оқыту және жағдай жасау

Мақсатты топ: 

  • АӘК алмаған аз қамтылған отбасылар;
  • көпбалалы отбасылар;
  • мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
  • жалғыз бала тәрбиелеп отырған аналар/әкелер;
  • NEET санатындағы 35 жасқа дейінгі креативті жас азаматтар;
  • мүмкіндігі шектеулі еңбекке қабілетті адамдар.

Жобаның сипаттамасы:  Азаматтардың әлеуметтік тұрмысын жақсартуға, жұмыспен қамтуға бағытталған «Табысты отбасы» жобасына көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың мүшелері, балаларды тәрбиелеп отырған аналар мен әкелер, NEET санатындағы ерекше баласы мен жастары бар отбасылар қатысты. Бір ай ішінде олар трансформациялық мастермайндтар, қаржылық және құқықтық сауаттылық бойынша консультациялар мен тренингтерден өтті. Нәтижесінде Ақмола облысының 50 тұрғыны «Samruk-Kazyna Trust» қорының әлеуметтік жобасы аясында жаңа кәсіп иелері атанды. Оқытудан басқа, жоба түлектері үш ай ішінде тәлімгерлік қолдау алып, шағын бизнесті бастау үшін қажетті жабдық түрінде грант алады. 

Comments are closed.