Жаңаөзен қаласы мен Жетібай кентінде спорт алаңдарын салу

11/12/2022

ҮЕҰ атауы: "Нысандар құрылысы жөніндегі Компания" корпоративтік қоры

Бюджеті: 1 009 512 000 теңге

Жоба географиясы: Маңғыстау облысы, Жаңаөзен,
Жетыбай елді мекендері

Мақсатты аудиториясы: Жаңаөзен және Жетыбай елді мекені тұрғындары

Мақсаты: жоба балалар алаңдарын, жаңа, қауіпсіз, заманауи жабдықтарды орнатуға және футбол, баскетбол, волейбол және басқа да спорт түрлерімен айналысуға арналған спорт алаңдарын жайластыруға, Жаңаөзен қаласы мен Жетібай кенті тұрғындарының рухани және физикалық әл-ауқатын нығайтуға бағытталған

Негізі: Қамқоршылық кеңестің 05.10.2022 жылғы №19/22 шешімі

Жобаның сипаттамасы: осы жобаны іске асыру аясында Жаңаөзен қаласында 16 балалар-спорт алаңы, Жетібай кентінде 5 алаң орнатылды, соның арқасында жергілікті тұрғындар бос уақыттарын пайдалы әрі жағымды өткізуге, спортпен шұғылдануға мүмкіндік алды. Балалар мен жасөспірімдерді пайдалы жұмыспен қамту үшін ғана емес, аулалардың аумағы да эстетикалық жағынан абаттандырылды.

Comments are closed.