«Шыныққан шымыр болады» жасөспірімдер мен ауыл тұрғындарына футбол алаңын ұйымдастыру

28/12/2023

Бюджеті: 21 150 272 тг

Іске асыру мерзімі: 2023 жылдың тамызы – 2023 жылдың қарашасы

Жобаның географиясы: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Сарыжаз ауылы

ҮЕҰ атауы: «Жігерлі ел» қоғамдық қоры

Мақсаты: Сарыжаз ауылында футбол алаңының құрылысы

Мақсатты топ: Созақ ауданы, Қаратау ауылдық округі, Сарыжаз ауылының тұрғындары, 395 адам

Жобаның сипаттамасы:  Түркістан облысы, Созақ ауданы, Сарыжаз ауылында футбол алаңының құрылысы салынды. Жалпы ауданы 800 шаршы метр болатын алаңға жасанды көгал төселген. Спорт нысанының жан-жағы арнайы қоршаумен қоршалып, абаттандырылды. Енді мұнда түрлі жарыстар ұйымдастырылып, Сарыжаз және жақын маңдағы ауылдардағы 100-ден астам жасөспірімнің спортпен айналысуына мүмкіндік туды.​

Comments are closed.