Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кубогына қоян-қолтық ұрыстан республикалық турнир

11/12/2022

ҮЕҰ атауы: "Қарулы Күштер әскери қызметшілерінің ардагерлері мен отбасылары қоры" қоғамдық қоры

Бюджеті: 22 176 958 теңге

Жоба географиясы: Астана қ.

Мақсатты аудиториясы: Қазақстанның түкпір түкпірінен күштік құрылымдар мен ведомстволардың құрама командалары

Мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру мен спортты дамыту; Қазақстан Республикасында қоян-қолтық ұрысты одан әрі насихаттау және дамыту, сондай-ақ ҚР Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің спорттық шеберлігін арттыру.

Негізі: Қамқоршылық кеңестің 20.10.2022 жылғы №20/22 шешімі

Жобаның сипаттамасы: 

Жобаны іске асыру шеңберінде ҚР әскери құрылымдарында іріктеу жарыстары өткізілді. ҚР ҚК әскер түрлерінен өңірлік қолбасшылықтардан және жоғары әскери оқу орындарынан 11 құрама команда жинақталды, қатысушылардың жалпы саны 113 адам
(ерлер мен әйелдер арасында 11 салмақ дәрежесінде) турнирге қатысуға дайындық бойынша оқу-жаттығу жиындарынан өтті. Іріктелген спортшылар саны – 27 адам.

Турнирді тікелей өткізу:
- турнирдің салтанатты ашылуы;
- алдын ала жарыстар;
- соңғы жекпе-жек;
- қорытындылау, нәтижелерді бекіту;
- жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, сондай-ақ турнир қатысушыларын салтанатты түрде марапаттау (медальдармен, грамоталармен, кубоктармен, ақшалай сыйлықтармен, алғыс хаттармен, сыйлық пакеттерімен, кәдесыйлармен және т. б.)
Нәтижелер: командалық есепте:
1 орын ҚР ҚМ СК-ЦСК;
2 орын ҚР ІІМ;
3 орын ҚР ҚМ -1;
- жеке біріншілікте 44 адамнан тұратын салмақ дәрежелері бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды;
- 20-дан астам адам Спорттық атақтар мен разрядтарды орындады.

Comments are closed.