Отбасылық аула клубы – балалардың мүддесі үшін қозғалыс

28/12/2023

Бюджеті: 150 500 942 тг

Іске асыру мерзімі: 2023 жылдың шілдесі - 2024 жылдың шілдесі

Жобаның географиясы: Астана қаласы

ҮЕҰ атауы: «Замандас 21» қоғамдық қоры

Мақсаты: Әлеуметтік осал санаттағы балалар мен жасөспірімдердің табысты әлеуметтенуі үшін жағдай жасау, қабілеттері мен шығармашылық әлеуетін, көшбасшылық қасиеттері мен әлеуметтік белсенділігін дамыту.

Мақсатты топ: Әлеуметтік осал топтан шыққан 3000 бала мен жасөспірім.

Жобаның сипаттамасы:  Әлеуметтік осал санаттағы 3000 бала мен жасөспірімге Астана қаласының 6 клубындағы 26 үйірме мен секцияда олардың бос уақытын ұйымдастыру, қосымша білім беру. Ата-аналар үшін отбасылық қатынастарды жақсарту бойынша тегін психологиялық қызметтер жүргізу. Жоба отбасы институтын нығайтуға және отбасылық құндылықтарды насихаттауға ықпал етеді

Comments are closed.