«IQanat-Жарқын болашақ»

15/06/2023

ҮЕҰ атауы: «IQanat білім беру қоры» ҚҚ

Бюджеті: 300 000 000 теңге

Жоба географиясы: Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы

Мақсатты аудиториясы: Жаңаөзен қаласының "IQanat High School of Burabay"мектебінде оқу үшін іріктеуден өткен 50 оқушы

Мақсаты: сапалы білім алуға қолжетімділікті кеңейту арқылы өңірдің өскелең ұрпақтарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру

Негізі: Қамқоршылық кеңестің 08.02.2023 жылғы №01/23 шешімі

Жобаның сипаттамасы: Жаңаөзен қаласындағы мектептерде 9 сынып оқушылары арасында
10 сыныпта "IQanat High School of Burabay" мектебінде тегін оқу үшін іріктеу өткізілді. Ең жақсы нәтиже көрсеткен 50 оқушы таңдалды.
IQHSB мектебі - заманауи білім беру саласындағы ең инновациялық мектептердің бірі, халықаралық ұйымдар тарапынан мойындалған. Бір жыл ішінде оқушылар өздерінің академиялық көрсеткіштерін жақсартты, жеке және әлеуметтік дағдыларын дамытты, қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарына түсуге дайындықты бастады. Бұл жоба 11-сыныпта 50 оқушыны оқытуды жалғастыруға бағытталған.

Comments are closed.