«IQanat – мүмкіндіктер мекені»

15/06/2023

ҮЕҰ атауы: «IQanat Қоғамдық қор» Қоғамдық қор

Бюджеті: 49 613 500 теңге

Жоба географиясы: ҚР ауылдық аудандары

Мақсатты аудиториясы: ауылдық аудандардың 8 сынып оқушылары

Мақсаты: ауыл оқушылары арасында Республикалық олимпиада өткізу және білім беру-мотивациялық бағдарламалар, тренингтер, қоғамдық пікір көшбасшыларымен және табысты адамдармен кездесулер арқылы сапалы білімге қолжетімділікті кеңейту арқылы өскелең ауыл ұрпағының бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Негізі: Қамқоршылық кеңестің 26.05.2023 жылғы №09/23 шешімі

Жобаның сипаттамасы: олимпиада үш кезеңнен тұрады: аудандық, облыстық және республикалық.
Бүгінгі таңда еліміздің 166 ауданындағы ауыл мектептерінің 8 сыныбының 37 051 оқушысын қамтитын олимпиаданың 1 және 2 турлары сәтті өткізілді. Олимпиаданың 2 туры облыс орталықтарында екі күндік форматта өтті. 2 турдың жеңімпаздары 2023 жылдың маусым айында өтетін Олимпиада финалына қатысады.
Астана қаласында өтетін Олимпиаданың финалына Назарбаев Университетінің базасында 800 оқушы іріктеліп алынады, олар 5 күн бойы олимпиадалық тапсырмалардан өтіп қана қоймай, түрлі мотивациялық және дамытушылық тренингтерге, семинарларға қатысатын болады. Нәтижесінде "Qanat High School of Burnaby" мектебінде оқуға мүмкіндік алатын 100 бала іріктеледі.

Comments are closed.