Зейін Атырау

11/12/2022

ҮЕҰ атауы: "Инклюзия Болашақ Атырау" ҚБ

Бюджеті: 27 430 069 теңге

Жоба географиясы: Атырау қ.

Мақсатты аудиториясы: көпбалалы отбасылардан шыққан балалар, ерекшеліктері бар екі және одан да көп бала тәрбиелеп отырған отбасылар, толық емес отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балалар

Мақсаты: Аутизммен, церебральды сал ауруымен, Даун синдромымен, ақыл-ойдың және сөйлеудің кеш дамуымен ауыратын балаларға сөйлеуді дамыту, балабақшаға, мектепке дайындалу және оқыту үшін ойлау дағдылары арқылы жағдай жасау

Негізі: Қамқоршылық кеңестің 26.12.2021 жылдағы №3 шешімі

Жобаның сипаттамасы: 

1. Жұмыс істеп тұрған Орталықтың ауданы 353,45 ш. м. бөлігін жөндеу жұмыстары аяқталды, техникалық жабдықтармен жарақтандыру және ерекше қажеттіліктері бар балаларды дамыту мен оңалтудың заманауи орталығын жаңа сипатта іске қосу жүзеге асырылды;
2. Көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға, ерекшеліктері бар екі және одан да көп бала тәрбиелеп отырған отбасыларға, толық емес отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балаларға оңалту курстарынан өтуге 120 сертификат берілді;
3. Атырау қаласындағы жалпы білім беретін мектепте 1 инклюзияны қолдау кабинеті ашылды және орталықтың қызметін алатын 10 бала норматиптік оқушылармен тең дәрежеде, тьюторлармен бірге оқу процесіне енгізілді;
5. Мектепке дейінгі мекемелердің жалпы тобына жылына 25 баланы және мектептегі оқу процесіне 30 баланы қосу мүмкіндігі құрылды.

Сілтеме: сайт

Comments are closed.