Бақытты балалық шақ

15/06/2023

ҮЕҰ атауы: "Samruk-Kazyna Trust" Корпоративтік Қоры

Бюджеті: 16 397 594 теңге

Жоба географиясы: Атырау, Ақмола, Ақтөбе, Павлодар облыстары және Астана қаласы

Мақсатты аудиториясы: ерекше білім беру қажеттіліктері бар халықтың осал топтарынан 2 030-дан астам бала, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, ақыл-ойы, сөйлеуі, есту қабілеті бұзылған және психикалық дамуы тежелген балалар, өмірлік қиын жағдайға тап болған және ерекше балалар.

Мақсаты: ерекше білім беру қажеттіліктері бар халықтың осал топтарындағы, өңірлердің мамандандырылған мектеп-интернаттарындағы балаларға қолдау көрсету және мерекелік көңіл-күй қалыптастыру, қажеттіліктер негізінде спорттық құрал-жабдықтардың материалдық базасын жаңарту, сатып алу және балаларға тапсыру.

Негізі: Қамқоршылық кеңестің 26.05.2023 жылғы №09/23 шешімі

Жобаның сипаттамасы: бұл жоба өңірлік арнаулы оқу орындарының өтініш хаттарына негізделген және балаларды қолдау мен сыйлықтар алуды жүзеге асыруға бағытталған. Жобаны іске асыру балаларды қорғау күніне, сондай-ақ "Самұрық-Қазына"АҚ-ның 15 жылдығына орайластырылған.
Акция шеңберінде және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында сұратылған тауарлар тізімінен еліміздің 4 облысында және Астана қаласында 15 мамандандырылған мекеме үшін спорттық керек-жарақ сатып алу (спортпен шұғылдану үшін бірдей жиынтықтар сатып алу) ұсынылады. Халықтың осал топтарынан ерекше білім беру қажеттіліктері бар 2 030-ға жуық бала қамтылады.

Comments are closed.