Айтұмар

11/12/2022

ҮЕҰ атауы: "Қазақстан Жазушылар одағы" РҚБ

Бюджеті: 17 230 000 теңге

Жоба географиясы: ҚР

Мақсатты аудиториясы: балалар, балалар үйінің тәрбиеленушілері, сондай-ақ жас жазушылар.

Мақсаты: Қазақ балалар әдебиетін дамыту

Негізі: Қамқоршылық кеңестің 04.08.2022 жылғы № 15/22 шешімі

Жобаның сипаттамасы:

Жас таланттардың қатысуымен (18 жастан 35 жасқа дейін) проза, поэзия және драматургия бағыттарында үздік балалар шығармаларының республикалық байқауы өткізілді. Үздік 18 шығарма анықталды (әр бағыт бойынша 6 жұмыс). Жинақтар 2000 данада жарық көрді және елдің барлық аймақтарында таратылды. Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған танымдық іс-шаралар (кездесулер, экскурсиялар, шеберлік сыныптары) өткізілді

Comments are closed.