ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

Павлодар облысында «Самұрық-Қазына»ашқан ауылдық спорт кешеніне 250-ден астам бала тегін барады

25/12/2024

Павлодар қаласының Кенжекөл ауылындағы спорт кешені «Самұрық-Қазына» АҚ-ның бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен ашылды. Жалпы ауданы 1,7 мың ш.м. кешен ауа тірек құрылысының негізінде салынған. Көпфункционалды кешенде шағын футбол, волейбол, баскетбол алаңдары бар, теннис корты, екі жолақты жүгіру жолы бар және қажетті спорттық жабдықтар мен құрал-жабдықтар сатып алынған.

Ақпан айынан бастап 250-ден астам бала футбол, бокс, еркін күрес, дзюдо және қазақ күресі сияқты секцияларға қатысуда, сондай-ақ кешкі уақытта волейбол, үстел теннисі және футболдан ересектерге арналған жаттығулар өткізіледі. Келесі жылы грэпплинг және джиу-джитсу үйірмелерінің ашылуы жоспарланып отыр. Кешен іске қосылған сәттен бастап 5 тәрбиеленуші еркін күрестен республикалық жарыстардың жеңімпазы, тағы 3 жас спортшы бокстан қалалық турнирлердің чемпиондары атанды.

««Самұрық-Қазына» қоры корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік аясында  бұқаралық спортты дамытуға ерекше мән береді. Қазіргі таңда Қор қолдауымен 13 спорт кешені және 30-ға жуық спорт алаңы ашылып отыр. Соның арқасында 90 мыңнан астам адам тұрақты түрде спортпен шұғылданып, белсенді түрде салауатты өмір салтын жүргізеді», - деді «Самұрық-Қазына»  АҚ корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов.

Өз кезегінде тұрғындар мен әкімдік өкілдері салынған кешен үшін «Самұрық-Қазына» қорына алғыстарын білдірді. Айта кетейік, бүгін Қор қолдауымен күрделі жөндеуден кейін Солнечный кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды.

Добавить комментарий