Павлодар облысында «Samruk-Kazyna Trust» қолдауымен спорт кешені жаңартылады
05/08/2024

Павлодар облысының Солнечный кентінде «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілуде.
Бассейнді жылыту, сумен жабдықтау және сүзу жүйесі, ғимаратты кондиционерлеу және желдету жүйесі ауыстырылады. Сондай-ақ ғимараттың ішкі үй-жайлары мен қасбетін жөндеу қарастырылған. Бұл өз кезегінде спортпен және салауатты өмір салтымен айналысу үшін жағдайды жақсартуға, спортпен шұғылданғысы келетін белсенді азаматтарды тартуға мүмкіндік береді. Кешен «Самұрық-Қазына» қорының портфельдік компаниясы «Самұрық-Энерго» АҚ құрамына кіретін «Екібастұз ГРЭС-2 станциясына» тиесілі.

Спорт кешені ауылдағы ең ірі спорттық инфрақұрылым нысаны болып табылады, онда күн сайын 60-қа жуық адам айналысады. Олардың ішінде Екібастұз ГРЭС-2 қызметкерлері ғана емес, жергілікті тұрғындар да бар. Кешенде жыл сайын спартакиадалар мен жүзу жарыстары сияқты жергілікті спорттық іс-шаралар өткізіледі. Кәсіпорын қызметкерлеріне, балаларға және әлеуметтік аз қамтылған тұрғындарға сабақтар тегін өткізіледі. Жөндеу жұмыстарын 2024 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
Күрделі жөндеу «Samruk-Kazyna Trust» қорының қаржылық қолдауымен «Асыл ғалам» қоғамдық қорымен серіктестікте жүзеге асырылады.

Добавить комментарий