ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

ПАРА ВОЛЕЙБОЛШЫЛАРЫМЫЗ ПАРИЖ ПАРА ОЛИМПИАДАСЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ

10/07/2023

Астанада пара волейболдан Азия чемпионаты аяқталды. Жеңісті екінші орынды жеңіп, күміс тағынған жерлестеріміз Париж-2024 паралимпиадасына жолдама ұтты!

3-8 шілде аралығында Астанада елорданың 25 жылдығына орай волейболды отырып ойнаудан Азия чемпионаты жалауын көтерді. Тартысты дода біздің елімізде алғаш рет өтті және Азияның сегіз мемлекетінен 200-ден астам спортшы қатысты. Бұл 2024 жылы Париждегі Паралимпиадаға дейінгі іріктеу турнирі болатын.

Ерлер командалары арасында бірінші орынды Иран еншілесе, екінші орынды Қазақстан құрамасы, үшінші орынды Қытайдан келген команда қанжығаларына байлады. Әйелдер арасында Қытай командасы жеңіске жетті, Иран құрамасына күміс, жапон параспортшыларына қола бұйырды.

Сонымен қатар, чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының мүшелері жекелеген санаттарда топ жарды. Атап айтар болсақ Эрик Қасқабаев - үздік шабуылшы, Бауыржан Сартаев - үздік Пастор атанды.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басында «Samruk-Kazyna Trust» қоры қазақстандық параволейбол федерациясын қолдап, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында волейболды отырып ойнаудан облыстық командаларды кәсіби спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз еткен еді. Бұл аймақтық спорт клубтары мен параспортшыларға спортпен шұғылдану және Азия чемпионатына дайындалу үшін ең жақсы жағдайларға қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Параволейболшыларымызды құттықтаймыз және әлемдік деңгейде жаңа жеңістер тілейміз!

Добавить комментарий