ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

Оралда «Самұрық-Қазына» қорының үшінші креативті хабы ашылды

14/04/2025

БҚО-да «Самұрық-Қазына» АҚ-ның бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен «Ozgeepic Oral» креативті хабы ашылды. Іс-шараға «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов, облыс әкімі Нариман Төреғалиев, өңірдің креативті жастары мен шығармашылық қауым өкілдері қатысты.

          Батыс Қазақстан облысының әкімдігімен серіктестікте ашылған орталықтың орталықтың дизайн жұмыстарын, заманауи жиһаздармен және құралдармен жабдықтауды «Samruk-Kazyna Trust» қоры қаржыландырды. Соның арқасында хабта театр және көрме залдары, анимациялық және музыкалық студиялар, подкаст жазу студиялары, коворкинг және мастер-кластар өткізетін кеңістіктер пайда болды. Ғимаратты жөндеу «КПО» компаниясының есебінен жүргізілді.

          Алдағы уақытта креативті индустрия саласында 200 жаңа маман даярланады. Соның ішінде 10 маман-аниматорды оқыту арқылы облыста алғашқы анимациялық студия құру жоспарлануда.

          «Орал қаласында хаб құру мемлекеттің, қоғамның және креативті сектордың табысты өзара іс-қимылының нәтижесі. Сондай-ақ жоба Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің әрбір өңірінде креативті индустриялық орталықтар құру жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылып отыр. «Ozgeepic Oral» - «Самұрық-Қазына» қорының республика көлемінде ашып отырған үшінші креативті хабы. Осындай шығармашылық жастарды тарту орталықтары бұған дейін Ақтөбе мен Петропавлда ашылған болатын», - деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов.           Соңғы төрт жылда «Самұрық-Қазына» қорының компаниялар тобы атынан БҚО-да 1,5 млрд теңге болатын 16 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды.

Добавить комментарий