ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

Нұрлан Жақыпов Бурабайдағы жаңаөзендік оқушылармен кездесті

26/08/2023

 «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы ауыл балаларына басымдық беретін «IQanat High School of Burabay» мектеп-пансионаты оқушыларымен жүздесті.

Ол «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен үздік оқу орнында екінші жыл қатарынан оқуын жалғастырудағы жаңаөзендік он бірінші сынып оқушыларына білім алу жолында сәттілік тілеп, емен-жарқын сұхбат құрды. Жалпы құны 633 миллион теңгелен асатын жоба аясында гранттар оқуға, жол жүруге, тамақтанып, тұруға және қажетті мектеп киімін алуға байланысты шығындарды жабады.

«Самұрық-Қазына» өз стратегиясында ұрпақ игілігін қамтамасыз етуге міндеттенеді. Қор тобына еліміздің өсіп-өркендеуін қамтамасыз етіп отырған көптеген кәсіпорын қарайтыны аян. Оның ішінде өздеріңізге ыстық мекен Жаңаөзендегі «Өзенмұнайгаз» компаниясы да бар. Сондықтан, егер оқу үлгерімдеріңіз жақсы болып, сұранысқа ие мамандықтарды игеріп жатсаңдар, мұнай саласынан да бөлек түрлі бағытта жемісті қызмет атқара алатындарың даусыз», - деді Нұрлан Жақыпов жетістіктерге ұмтылудан талмау керектігін атап өтіп.

Жаңаөзен қаласынан 50 оқушы бірнеше кезеңдегі тестілеу арқылы таңдалды. Сонымен қатар, жаңа оқу жылында, Жаңаөзендегі көпбалалы отбасылардан шыққан 175 бала, «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен еліміздің озық орта арнаулы білім орындарында осымен екінші жыл білім кенішін игеруге кіріссе, тағы екеуі жұмысқа тұрып үлгерді.

Жобаға қатысушылар өз білімдерін жетілдіріп қана қоймай, келешек даму үшін қажетті дағдыларды - сыни ойлауды, ой-сана зияткерлігін және көшбасшылық қасиеттерді меңгереді, жоғары оқу орындарына түсуге дайындықтары күшейеді. «IQanat» мектебінің заманауи әрі жаңаша әдістемелері бойынша оқыту нәтижесінде балалардың академиялық көрсеткіштері артып, өзекті техникалық және шығармашылық IT-дағдылары қалыптасады.

Добавить комментарий