ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

Мұқтаж топтарды уақыт оздырмай қолдау қажет — «Самұрық-Қазына» қоры «Табысты отбасы» әлеуметтік жобасын қолдады

30/11/2022

2022 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстанда «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен «Табысты отбасы» қайырымдылық жобасы басталады. Осы орайда, алғашқы баспасөз мәслихаты бүгін, Ұлытау облысының орталығы Жезқазған қаласында өтті. 

Алдын ала талдау көрсеткендей, аз қамтылған және  табысы төмен отбасылар түрлі себептерге байланысты мемлекеттік қолдау шараларына іліге бермейді. Жоғарыда аталған жоба осы түйткілді тарқатуға арналған.

«Ірі кәсіпорындары бар өңірлер жұмыс орындарының саны бойынша әртүрлі  жағдайға тәуелді. Біздің өңірге де халықтың, оның ішінде табысы төмен жандардың экономикалық белсенділігін дамыту үшін барлық мүмкін ресурсты пайдалану маңызды. Сондықтан біз «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры қолдаған «Табысты отбасы» жобасын құптаймыз. Себебі әлеуметтік осал отбасыларға өз ісін іске қосу арқылы табыстарын арттыруға жағдай жасалады. Оқыту мен қатысушыларды сүйемелдеуді жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, заманауи әдістемелер бойынша құзыретті тәлімгерлер жүзеге асыратыны да құптарлық қадам», - деді Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы.

«Кеше ғана ұлықтау рәсімінде Қазақстан Президенті Қ. К. Тоқаев нақты табыс пен өмір сапасын арттырудың маңыздылығын нұсқады. Мемлекет басшысы ауылды және шалғай өңірлерді дамыту, сондай-ақ уақыт оздырмай жақсы өмір сүру үшін жағдай жасау қажеттігін ерекше атап өтті. «Самұрық-Қазына» қоры бұған жедел үн қатып, бірқатар өңірде, соның ішінде Ұлытау облысында әлеуметтік жобаға қолдау көрсетуде. Өз ісін ашу, құзыреттілік пен білімді арттыру  – мұның бәрі әлеуметтік әлсіз отбасылар үшін де, жалпы ел үшін де өте қажетті дүние», - деп қостады Парламент Сенатының депутаты Советбек Медебаев.

Кешенді жобаның мақсаты – халықтың кедейшілік шегіндегі неғұрлым осал топтарының мүшелерін, оның ішінде: көпбалалы және аз қамтылған, сондай-ақ жалғызбасты, табысы төмен, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеудегі отбасыларды, жастарды өз ісін өркендету үшін жаңа дағдыларға оқыту, шағын бизнес жүргізуге ынталандыру және оларды тәлімгерлік қолдау.

«Өкінішке қарай, аз қамтылған отбасылар, жоғарыда келтіргендей, мемлекеттік қолдау шараларымен қамтыла бермейді. Осы орайда «Самұрық-Қазына» қорының қызметі, кейде баршамыз ойлап қалатындай, ірі қалалар мен өңірлерді қолдаумен ғана шектелмейтіні қуантады. «Табысты отбасы» жобасы негізінен ауылда тұратын, табысы төмен отбасыларға бағытталған және бұл Мемлекет басшысының тапсырмаларына толық сәйкес келеді. Жобаның қарапайым сипаты қолдау шараларынан тыс қалған халық топтарын қамтудың кепілі болады. Тың жобаны бес өңірде бастауға дайынбыз, оның үшеуі жаңадан құрылған облыстар - Ұлытау, Абай және Жетісу. Көбінесе назарымыздағы халық санаты оқудан өткеннен кейін өз ісін бастап кетіп жатпайды. Өйткені нақты жабдықтар, қажетті құралдар жоқ. Сондықтан «Табысты отбасы» аясында қатысушыларды толық сүйемелдеу, тәжірибелік тренингтер, шеберлік сыныптары қарастырылған. Бұл ретте әр қатысушыға жеке көзқарас танытылып, қажетті құрал-жабдық алу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі», - деп таныстырды жобаның амбассадоры Айжани Нұрланова.

«Табысты отбасы» жобасы келесідей құрамдас бөліктерден тұрады: тәлімгермен жеке кеңестер мен шағын топтардағы жұмыс, бейіндік оқыту, жеке өсу және бизнес-дағдыларды дамыту бойынша тренингтер, оқу аяқталғаннан кейін тәлімгердің сүйемелдеуі және қолдауы. Бұл азаматтар үшін өз ісін сенімді бастауға, кәсіпкерліктің негіздерін сапалы зерделеуге және тұрақты табыс көздерін алуға бірегей мүмкіндік.

Жобаны іске асырудың барлық кезеңі БАҚ бетінде және tabysty.otbasy инстаграм парақшасында жарияланады.

Добавить комментарий