Медициналық пойыз Қызылорда облысында
20/10/2023
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Сыр өңіріне жетті. Теміржол үстіндегі емхана қараша айының 3-не дейін қызылордалықтарға төмендегі кесте бойынша медициналық қызмет көрсететін болады.
18-21.10.23 ж. – Сексеуіл,
21-22.10.2023 - Сапақ
22-23.10.2023 - Шөміш
24-26.10.2023 - Белкөл
26-27.10.2023 - Тартоғай
27-29.10.2023 - Бәйгеқұм
29-31.10.2023 - Ақмая
31-02.11.2023 - Екпінді
02-03.11.2023 - Аққұм бекеттеріне тоқтайды.
Айта кетейік, денсаулық керуені Қазақстан бойынша сапарын сәуір айында бастаған болатын. 6 айдың ішінде 100 станцияны аралап, 60 мыңнан аса халыққа көмек көрсетіп үлгерді.
Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік жобаны «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қатысуымен жүзеге асыруда. Қызылорда облысынан кейін медпойыз тағы екі өңір Түркістан мен Жамбыл облыстарына аттанады.
Добавить комментарий