БастыБАҚ біз туралы
«Медициналық пойыз»: Павлодар облысында дәрігерлер 10 күнде 4000-нан астам адамды қабылдады
«Медициналық пойыз»: Павлодар облысында дәрігерлер 10 күнде 4000-нан астам адамды қабылдады
19/06/2019
«Медициналық пойыз» жобасы еліміздің барлық өңірі, соның ішінде Павлодар облысының шалғай бекеттерін аралап шықты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
«Денсаулық» медициналық пойызының баспасөз қызметі хабарлағандай, пойыз Павлодар облысының 10-нан астам станциясын аралап шықты. 10 күнде пойыз қызметіне 4174 адам жүгінген: тексерістен өткен 1542 тұрғынның 269-ы бала. Осы медбақылау барысында 65 шағын хирургиялық ота жасалып, 39 ФГДС процедурасы, 353 – УДЗ және 291 флюрография жасалды. Медицина қызметкерлерінің айтуынша, пойыз қызметіне ең көп Маралды станциясының тұрғындары жүгінген, онда 200-ден астам науқас тегін медициналық кеңес алып, дәрігерлерге қаралған», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Сілтеме:
almaty.tv
Маған ұнайды
0
Добавить комментарий