Медициналық пойыз – Маңғыстау облысында
17/08/2023
Бүгін таңертең «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Болашақ станциясына келді. Осылайша білікті мамандар 17-30 тамыз аралығында Маңғыстау облысының елдімекендерінде халыққа медициналық, құқықтық және медиативтік көмек көрсетеді.
Пойыз диагностикалық құралдармен, соның ішінде компьютерлік спирометриялық жүйемен, эхоэнцефалографпен, диагностикалық тесттер жүргізуге арналған кардиологиялық мониторинг жүйесімен, сондай-ақ рентген, стоматологиялық, ЛОР және офтальмологиялық жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Мамандарға жүгінген кезде жеке басты куәландыратын құжаттарды міндетті түрде бірге алып жүру қажет.
Медициналық пойыздың Маңғыстау облысы бекеттерінде аялдау кестесі:
17-18 тамыз – Болашақ станциясы;
19-20 тамыз – Жетібай станциясы;
21-22 тамыз – Сайөтес станциясы;
22-24 тамыз – Үстірт станциясы;
25-26 тамыз – Сам станциясы;
26-28 тамыз – Ақжігіт станциясы;
29-30 тамыз – Опорная станциясы.
Жұмыс уақыты: 09:00 – 18:00 сағ. (үзіліс 13:00-14: 00 сағ.).
Жобаның бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры. Осы жылы алғаш рет ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бастамасымен пойыз жұмысына кәсіби психолог, медиатор және заңгер тартылды. Басты ақпараттық серіктес - Jibek Joly телеарнасы.
Добавить комментарий