ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

Инклюзивті білім мамандары семинары өтті

11/10/2024

Елордадағы №97 мектеп-гимназияда «Самұрық-Қазына» қолдауымен Астана қаласындағы 5 мектепте ашылған инклюзияны қолдау кабинеті ұстаздарына арналған семинар өтті.

Шара «Шекарасыз білім: Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау» тақырыбында ұйымдастырылды. Оқуға 10 мектептен 100-ден аса мұғалім мен ата-ана қатысты.

Мақсат - инклюзивті білім беру жүйесінде ерекше балаларды қалай тиімді қолдау керектігін түсінуге көмектесу және оларға оқу мен дамудың тең мүмкіндігін қамтамасыз ету.

«Мұндай жобалардың қолдау тауып, көбейіп жатқаны қуантады. Ерекше балалардың білім алуына ешқандай кедергі болмау қажет. Жалпы, инклюзивті бөлмелердің ерекше балалар үшін маңызы зор. Өйткені, мұнда инклюзивті білім беруді қажет ететін балалар психолог педагогтардың, логопедтердің көмегіне ешқандай кедергісіз жүгіне алады», - дейді Оқу-ағарту министрлігі инклюзивті және арнайы білім беру департаментінің бас сарапшысы Мая Темірбаева.

Инклюзияны қолдау кабинеттерін құру жобасын «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан «Samruk-Kazyna Trust» қоры жүзеге асырды. Аталған іс алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Добавить комментарий