Ерекше балалар қоларбада билеуден халықаралық жарыстың жеңімпазы атанды
17/09/2024
«Samruk-Kazyna Trust» қорының шығармашылық қабілеті бар балаларды қолдауға арналған «Жас таланттар» жобасы аясында, қазақстандық спортшылар Словакияда өткен мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы қоларбада билеуден Әлем кубогына қатысты. Нәтижесінде Ақбота Рысбекова мен Алтынай Қазбекова 4 және 5-ші орындарды иеленді.
Біздің жас таланттар үшін бұл жай ғана жарыстағы жеңіс емес, олардың спортшы және жеке тұлға ретінде қалыптасуына жасалған үлкен қадам болып отыр.
💬 «Samruk-Kazyna Trust» қорына «Жас таланттар» қайырымдылық жобасы үшін алғыс айтқым келеді. Біз өз шеберлігімізді көрсетіп қана қоймай, ұмытылмас сезімдерді бастан кешіп, пайдалы тәжірибе ала алдық. Тілшілер күтпеген жерден сұхбат алғанда біраз қобалжыдым, бірақ бойымды тез жинап, ағылшын тілінде алғаш рет сұхбат бердім!», - дейді жас спортшы Алтынай.
Қор жоба аясында халықтың әлеуметтік осал топтарындағы 16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге халықаралық спорттық жарыстар мен шығармашылық байқауларға қатысуға грант беріледі. Соңғы бірнеше жылда Қазақстанның барлық аймағынан 100-ден астам бала еліміздің намысын шетелде танытып, жүлделі орындарға ие болды.
Добавить комментарий