ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

Елшат тек 10 жасында қоғамға бейімделді

25/09/2023

Туғаннан даун дертіне шалдыққан Елшат, бүгінде «Күншуақ» даун орталығында ем алып жүргеніне тоғыз ай болған. Орталық мамандары ол алғаш келгенде  өте тұйық, айналасында болып жатқан оқиғаларға мүлдем қызығушылық танытпағанын айтады. Ал қазір  керінісінше Елшат басқа балалармен және мұғалімдермен еркін қарым-қатынаста. Көңілді музыканың сүйемелдеуімен жаттығуларды қуана орындайды. Елшаттың қазіргі жетістіктерімен қуана бөліскен мамандар оның қазіргі денсаулығы мен белсенділігін алған емінінің айқын нәтижесі деп отыр.

«Бастапқы да қоғамға бейімделу кезеңдері балаға қиын соқты, алайда біз мұндай кедергілерге назар аудармай алға қарай қадам баса бердік. Уақыт өте біз оның мінез-құлқындағы өзгерістерді байқай бастадық. Бұл өзгерістер баланың одан әрі білім алуына негіз болды. Қазіргі уақытта Илшат айналасында болып жатқан оқиғаларға көбірек қызығушылық танытуда. Музыканы естіп отырып, ол әң айтуға тырысады. Мұндай тәжірбие  арқылы оның эмоционалдық фоны айтарлықтай жақсарып, сабаққа деген зейіні арта түсуде» - дейді орталық мамандары.

Биыл Алматыда жаңартылған «Күншуақ» орталығы  «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан біріңғай қайырымдылық операторы – «Samruk Kazyna Trust» қорының қолдауымен ашылды. Орталық балаға туғанынан даму мен оқудың барлық сатыларынан өтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, инклюзивті білім беру саласындағы мамандарды дайындауға және Даун синдромы бар адамдарды жұмысқа орналастыруға көмектеседі.

Добавить комментарий