Екібастұзда «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен экологиялық ойыншықтар шығаратын әлеуметтік кәсіпорын ашылды

03/04/2023

Павлодар облысының Екібастұз қаласында эко-ойыншықтар шығаратын ағаш ұсталығы цехының ресми ашылуы өтті.

Жобаның бірегейлігі – цех қызметкерлері қатарында әлеуметтік осал санаттағы азаматтар, оның ішінде балалар үйінің түлектері, жазасын өтеп шыққан азаматтар бар. Жобаның негізгі мақсаты – оларды кәсіпке үйрету және жұмысқа орналастыру.

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қайырымдылық қызметінің басым бағыттарының бірі халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау, сондай-ақ қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсарту болып табылады. Тиісті жоба әлеуметтік бизнестің орнықты дамуы мен тиімді түрде оның ауқымын кеңейту үлгісі болып табылады», - деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Альфия Адиева.

«Страна мастеров» ерекше жандар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Эмин Аскеровтың айтуынша,«Green TAL» әлеуметтік кәсіпорны 2015 жылдан бері жұмыс істейді және бүгінгі таңда ағаш ұсталығы, тігін, дәнекерлеу, киіз цехы мен полиграфиясы бар. Осы уақыт аралығындағы өндіріс аясында 700-ден астам адам оқытылды.

«Біз әлеуметтік шеберхананың ашылғанына өте қуаныштымыз. Ол жұмыссыз жандардың еңбекпен қамтылуына және ағаш ұсталығын үйренуге мүмкіндік береді. Өкінішке қарай, біздің қоғамда жазасын өтеп шыққандарға теріс көзқарас бар және оларға жұмысқа орналасу қиынға соғып жатады. Осы орайда, әлеуметтік жобалар болашақта үміт пен сенім сыйлайды», - деп бөлісті ағаш цехының басқарушысы Руслан Қорғанбаев.

 «Green TAL» командасы 2021 жылдан бастап өңірлердегі әлеуметтік осал санаттарды азаматтарды жұмыспен қамту мәселесін шешу мақсатында жинақталған тәжірибені бөлісіп, жаңа филиалдар ашуда. Осы орайда «Samruk-Kazyna Trust» қоры «Самұрық-Қазына» АҚ бірыңғай қайырымдылық операторы ретінде «ӘРЕКЕТ» жобасы аясында бастамаға қаржылай қолдау көрсетті. Сондай-ақ жобаға Екібастұз қаласының әкімдігі қолдау танытуда.

Comments are closed.