ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

Даун синдромы бар балаларға қайырымдылық көмек

29/06/2023

29 маусым күні Алматыда жаңартылған «Күншуақ» орталығы тың серпінмен есігін айқара ашты. Орталық жұмысы «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан біріңғай қайырымдылық операторы – «Samruk Kazyna Trust» қорының қаржылық қолдауымен жанданды.

Жоба аясында балалардың ой-санасын дамытатын, оңалтып, дене шынықтыратын, күнделікті қызметке қажет құрал-жабдықтар алынды. Сондай-ақ Қор көмегімен тәжірибе алмасу мақсатында шетелдік мамандар тартылып, Астана, Алматы қалаларымен Атырау, Павлодар, Қостанай  облыстарындағы даун синдромы бар балалардың ата-аналарына кеңес беру шаралары  жүргізіледі. Жобаның бюджеті 100 млн теңгені құрайды.

Орталықтың ашылу салтанатына қатысқан «Самұрық-Қазына» АҚ қоғаммен байланыс, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов тиісті нысанның қоғамға берер пайдасы мен маңыздылығын атап өтті:

«Бірлескен іс-қимылдың нәтижесінде орталық заман талабына сай жабдықталып отыр. Жалпы біздің Қор балаларға байланысты бастамаларды әрдайым қолдап келеді. Мәселен, өткен жылдан бері 73 мыңнан астам балаға түрлі бағыттағы көмек көрсетілді. Сондықтан ерекше балаларымызға және олардың ата-аналарына бүгінгі жаңалық өте жақсы сыйлық болды деп ойлаймын. Енді осы жерде жоғары деңгейдегі оңалтудан өтіп, алға қарай нық қадам жасау қажет», - деді «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры.

Орталық балаға туғанынан даму мен оқудың барлық сатыларынан өтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, инклюзивті білім беру саласындағы мамандарды дайындауға және Даун синдромы бар адамдарды жұмысқа орналастыру жол ашады.

 «Даун синдромы бар жандарға арналған орталықтың ашылуы Алматы үшін ғана емес, бүкіл Қазақстанға маңызды оқиға. Аталмыш нысан басқа қалалар мен облыстарға ерекше үлгі болатыны анық. Осындай орталықтарды басқа өңірлерде де ашу жоспарымызда бар. Жобаның іске асуына қаржылық қолдау көрсетіп отырған серіктестерімізге алғысымызды жеткіземіз», -  деді өз кезегінде орталықтың директоры Гвидо Треццани.

Добавить комментарий