Бүгін Алматы қаласында ерекше қажеттіліктері бар 10-17 жас аралығындағы балаларға арналған «All Ability Camp» спорттық лагерінің екінші маусымы басталды
17/07/2023
Лагердің алғашқы кезеңі 19-23 маусым аралығында өтті. Ал екінші кезең 17-21 шілде аралығын қамтығалы отыр. Жалпы жазғы демалыс төрт маусымды қамтиды. Лагерь әр маусымда 50 ерекше бала мен 50 ата-ана, сондай-ақ 50 волонтерді қабылдайды. Барлық маусымды есептесек, қатысушылардың жалпы саны 640 адамды құрайды.
Атап өту керек, лагерге қатысып отырған 200 ерекше қажеттіліктері бар балаланың 100-і Қорға қарасты компаниялар тобындағы өндірістік кәсіпорындарда қызмет ететін отбасылардағы ерекше балалар.
«All Ability Camp» спорт лагері ерекше қажеттіліктері бар балаларға әлеуметтік дағдыларды нығайтуға, эмоционалдық және физикалық дамуға, сондай-ақ өз әлеуетін іске асыруға тамаша мүмкіндік береді. Балалар лагерьде бочча, теннис, футбол, шахмат және садақ ату сияқты спорт түрлерімен шұғылданады.
Жоба «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қаржылық қолдауымен іске асырылуда.
Добавить комментарий