ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

Болашаққа мүмкіндік: «Самұрық-Қазына» 170-тен астам жаңаөзендік жасқа қолдау көрсетті

07/04/2025

77 болашақ маман: Samruk-Kazyna Trust-тың жұмысшы мамандарды дайындау жобасына қосқан үлесі

Маңғыстау облысындағы аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға білім гранттарын беруге бағытталған «Жарқын болашақ» жобасы табысты жүзеге асырылып келеді. Бастама жастардың білімге ұмтылысы мен кәсіби дамуына қолдау көрсетуде. 2022 жылы бастау алған жобаның аясында 177 оқушы бағдарламаға іріктелді.

2024 жылы 36 студент оқуын аяқтап, оның 30-ы жоғары оқу орындарына түсті. Сонымен бірге 10 өңіріндегі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларымен түлектердің жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу туралы маңызды меморандумға қол қойылған. Бұл әріптестік жастардың әрі қарай мамандық бойынша жұмыс табуына мүмкіндік бермек. Биыл 77 студент оқуын тәмамдайтын болса, қалғандары кәсіптік-техникалық колледждерде білім алуды жалғастыруда.

Жақында Алматы қаласында «Samruk-Kazyna Trust» қорының бас директоры Альфия Адиева грант иегерлері және жоба түлектерімен есептік кездесу өткізді. Жиында қатысушылардың жетістіктері, олардың табыстары мен болашақ жоспарлары талқыланды.

«Білім – табыстың негізі. Біз «Жарқын болашақ» жобасы жастарының өзін-өзі дамытуына жол ашып жатқанына қуаныштымыз. Бұл жоба жастардың әлеуетін ашуға, олардың өмірін өзгертуге, болашақта табысты мансап құруына септігін тигізуде. Ең бастысы – біз білім беру үдерісімен ғана шектелмейміз. Біз түлектерге білім алған сәттен бастап жұмысқа орналасуға дейінгі жолда жан-жақты қолдау көрсетеміз», – деді Альфия Адиева.

Жоба Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарында оқуға мүмкіндік беріп қана қоймай, шетелде білім алу жолын да ашуда. Мысалы, қатысушылардың бірі қазіргі таңда Польшадағы Познань техникалық университетінде оқып жатыр. Көптеген түлектер оқу мен жұмысты қатар алып жүруде, бұл алған білімдерінің іс жүзінде құндылығын көрсетеді. Қарағанды теміржол колледжін үздік бітірген Нұрлан Қалыбаев пен Сақтар Беріков бүгінде Шахтер кентіндегі «Қазақстан темір жолы» компаниясының локомотив жөндеу депосында еңбек етуде.

«Жарқын болашақ» жобасы «Samruk-Kazyna Trust» қорының қаржылық қолдауымен және «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының қатысуымен жүзеге асырылуда.

Добавить комментарий