ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

Биыл Жаңаөзенде 34 баланың тұсауы кесіліп, 15 балаға тілашар жасалды.

09/10/2023

«Балақай» оңалту орталығы жыл сайын осындай көрсеткіштерімен қуантып отырады. Бұндай жетістіктерге әсіресе «Самұрық қазына» қорының қызметкерлері қуанышты. Өйткені Жаңаөзендегі бұл  бір ғана орталық осыдан үш жыл бұрын қордың қолдауымен алғашқы  болып ашылған оңалту орталықтарының бірі. 

Қордың қайрымдылық бірыңғай операторы «Samruk-Kazyna Trust» коорпаративтік қоры арқылы орталық толықтай замануи жабдықтарымен жабдықталған. Атап өтер болсақ, ерекше балалардың жүру дағдыларын қалпына келтіру үшін «Mercury Med» оңалту кешені, баланс патологиясын диагностикалауға арналған «Биокинект» кешеніне, эрготерапияға арналған тренажерларына, магнито және физиотерапияға арналған аппараттарына және тағы басқа  аса қажетті медициналық құралдарға   40 млн теңгеден астам  қаражат жұмсалған.

Қазір орталықта церебралды сал ауруы, аутистік спектрдің бұзылуы, психикалық дамудың тежелуі, гемипарез, нейро-ортопедиялық аурулар және басқа да ерекшеліктері бар балалар тегін ем алып жатыр. Арнайы оңалтудан өтуге Жаңаөзен қаласымен бірге оның маңындағы ауыл аймақтың балалары да тегін қабылданады. 3 жылдың ішінде 1000-ға  бала оңалтудан өткен екен, оның 329-ы ДЦП диагнозымен.

Биыл орталықта 34 ерекше бала аяқтарына тұрып, өмірге алғашқы қадамдарын жасаса,  психикалық дамуында кемістігі бар 15 бүлдіршіннің алғаш рет тілдері шыққан.  

Жалпы «Самұрық қазына» АҚ компаниялар тобы атынан 2019-2023 жылдары аралығында 30-ға жуық оңалту орталықтары әр қалада ашылды.

Добавить комментарий