ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫС – ЖОБАЛАРДЫ ТАБЫСТЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ КЕПІЛІ

12/04/2023

Бүгін I тоқсандағы жұмыс қорытындысы бойынша жоба пайдаланушылармен ZOOM-call өтті.

Онлайн форматта өткен іс-шарада бірнеше жұмыс мәселелері қамтылды:

I тоқсанда іске асырылған жобалардың есебі;

Отандық ҮЕҰ өкілдерінің Қорға қатысты қолжетімділігі мен ашықтығы туралы пікірін анықтау мақсатында іске қосылған онлайн-сауалнама;

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының жас мамандарын «Ыңтымақ» жобасы аясында Қор тарапынан қаржылай қолдау алған әлеуметтік жобалармен таныстыру;

Қатысушылар күн тәртібін талқылауға белсене қатыстып қана қоймай, бірқатар бастамаларды ұсынды. Кездесулердің осындай форматы өткен жылдан бері жүргізіліп келеді және осы уақыт ішінде Қордың қайырымдылық жобаларын іске асыруда тиімді ынтымақтастық үшін пайдалы құралға айналды.

«Samruk-Kazyna Trust» қоры жұмысқа қатысты мәселелерді талқылауға және жаңа ұсыныстарға ашық.

Добавить комментарий