ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

Балалар үшін жүгірдік: «Charity Samruk Marathon» марафонына 3 мың адам қатысты

03/05/2025

Астанада үшінші рет өткен «Charity Samruk Marathon» қайырымдылық марафоны үлкен қоғамдық қолдауға ие болды. Спорттық шараға 3 000 қатысушы қатысты, бұл өткен жылмен салыстырғанда қатысушылар санын үш есеге арттырды. Бұл өз кезегінде қоғамның қайырымдылыққа деген қызығушылығының артқанын көрсетеді. Марафонға қатысушылар мен 50-ге жуық серіктес компанияның қолдауымен 200 миллион теңгеге жуық қаражат жиналды. Ол қаражат инклюзивті білім кабинеттерін ашуға бағытталатын болады.

«Бүгінгі марафон - бұл тек спорттық шара ғана емес. Бұл - жанашырлықтың, қолдаудың және бірліктің белгісі. Бұл - барлық балалар үшін тең мүмкіндіктер жасауға қосқан үлесіміз», — деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов марафонның ашылуында.

Марафонда қатысушылар 5 және 10 шақырымдық екі қашықтықта бес жас санаты бойынша жарысқа түсті. Барлық қатысушылар естелік медальдармен марапатталса, жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Марафонның «Мейірімділік мекені» аймағында ерекше білім қажеттілігі бар балалар гүл отырғызу бойынша шеберлік сабағын өткізді. Бұл акцияға балаларымен бірге ата-аналар да қатысты. Жалпы 50 гүл отырғызылды. Әр гүл құмырасы марафонға қатысушылардың осы маңызды шараға қосқан үлесін еске салатын символға айналды.

Балалар үшін «Қазақ ауылы» аймағында асық ату, арқан тартыс, бес тас және лянгу сияқты ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Марафон барысында маршрут бойында қолдау көрсеткен үздік компаниялар да анықталды

Добавить комментарий