Аутизмі бар балалар үшін арнайы орталықтар ашылды
23/08/2023
2023 жылы «Самұрық-Қазына» қорының қаржылай қолдауымен Қазақстанның 4 өңірінде аутизм спектрі бұзылған және басқа да ақыл-ой кемістігі бар балаларды қолдауға арналған алғашқы мемлекеттік орталықтар ашылды.
Орталықтарда аутизмі бар балалармен жұмыс істеудің озық әдістері, оның ішінде роботерапия қолданылады. Әлемдік тәжірибеде аутизм спекті бұзылған балалармен түзету жұмыстарында роботерапияны қолдану кең таралған. Балалардың көбісі мұғаліммен көз түйістіруден қашып, нұсқауларды орындай бермейді. Ал роботтар бүлдіршіндер мен жеткіншектердің жанына жара салмауға септігін тигізеді.
Осы орайда сараптамалық көмекті профессор Анар Сандығұлова көрсетті. Бірнеше жыл бойы ол өз тобымен бірге роботерапияның аутизмі бар балаларға әсерін зерттеп, Швециядағы конференцияда тиісті еңбектің өзектілігі мен сапасына және маңыздылығына жоғары баға берілді.
Роботерапия кабинеті екі әлеуметтік роботпен жабдықталған - NAO және Mirai, олар жоғары интерактивті және балалармен тиімді қарым-қатынас жасай алады, әлеуметтік дағдыларды дамытуға жәрдемдеседі. Ән айтатын, билейтін, ертегілер айтатын және жануарларды сипаттайтын NAO есімді роботпен шаралар еденде өтеді. Өйткені бұл тұста белсенді қимылдар қажет. Mirai өткізетін сабақтар болса, көмекші материалдармен жабдықталған, Себебі аталмыш робот саналуан кейіпке енеді. Мысалы «Дәрігердің қабылдауында», «Полицеймен жол қозғалысы ережелерін үйрету», «Өрт қауіпсіздігі» және басқа да оқу ахуалдары қарастырылады. Осылайша тәрбиеленуші бала өзіне жайлы және таныс ортада әртүрлі әлеуметтік жағдаймен беттеседі.
Бүгінде Шымкент, Павлодар, Талдықорған және Өскемен қалаларындағы орталықтар 500-ге жуық баланы тегін қабылдайды. Әр орталықта жыл сайын 125 бала қамқорлықты сезінеді. Жыл соңына дейін Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай және Маңғыстау облыстарында «Samruk-Kazyna Trust» қоры арқылы, «Қазақстан халқына» қорымен серіктестікте осындай тағы 4 орталық ашу жоспарлануда.
Добавить комментарий