КӨМЕК КӨРСЕТУ

Атырауда ерекше жастар жұмыс істейтін инклюзивті кофехана ашылды

17/03/2025

Облыс орталығында ерекше қажеттіліктері бар жастар жұмыс істейтін «Белес» инклюзивті кофеханасы жұмыс істейді. Ашылу салтанаты «Samruk-Kazyna Trust» қорының бас директоры Альфия Адиеваның қатысуымен өтті.

«Samruk-Kazyna Trust» қоры және «Инклюзия Болашақ Атырау» қоғамдық бірлестігімен бірлесе жүзеге асырылған жоба қоғамда теңдікті қалыптастыруды, ерекше қажеттілігі бар балаларды қоғамға бейімдеуді, еңбекпен қамтуды мақсат етеді.

Қазіргі таңда кофеханада 10 жасөспірім қызмет етуде. Оларды кәсіпке дайындау бойынша оқыту жұмыстары жүргізілуде. 

«Белес» кофеханасы ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін арнайы жабдықтармен және қолжетімді қызметтермен жабдықталған. Кофеханада жасөспірімдер кофе дайындауды, клиенттерге қызмет көрсетуді үйренеді. Сусындардан басқа, орталықтың тәрбиеленушілері жасаған қолдан жасалған зергерлік және қолөнер бұйымдарын сатып алуға болады.

Добавить комментарий