ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

Астананың бес мектебінде инклюзияны қолдау кабинеттері  ашылады

19/06/2024

Инклюзияны қолдау кабинеттері елорда мектептерінде жаңа оқу жылында ашылады. Ерекше балаларға арналған сыныптар №22, №36, №59, №76, №97 мектептерде пайда болады.

Кабинеттер «Charity Samruk Marathon 2024» қайырымдылық марафонында жиналған 125 млн теңге қаражатқа жабдықталады. Қазіргі таңда «Samruk-Kazyna Trust» қоры және Астана қаласының Білім басқармасымен кабинеттер тұжырымдамасы материалдық-техникалық базасын жақсарта отырып, қолданыстағы әдістемелер негізінде дайындалды. Атап айтқанда, балалардың мамандармен жеке жұмыс орындау аймағы, топтық жұмыс жүргізуге арналған аймақ, емдік-денешынықтыру кабинеті, сенсорлық түсіру кеңістігі болады. Балалармен жұмыс істейтін мамандарды дайындау мен оқыту қолға алынады.

«Үндеуге бей-жай қарамай, өз үлесін қосқан жандарға алғысымды білдіргім келеді. Қор қоғамдағы инклюзияны дамытуды ерекше назарында ұстайды, біз осылайша әр баланың тең білім алуына қол жеткізгіміз келеді», - деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.

Осылайша балалардың сөйлеу, қатарластарымен араласу, жалпы өмірдегі тұрмыстық-әлеуметтік дағдыларын жақсартып, жетілдіруге күш салынады. Мәселен аутизмі бар оқушыға жеке көңіл бөлініп, нәтижесінде ол қарапайым сыныпта оқуға мүмкіндік алады. Ата-аналар тарапына да кеңес беріледі.

          Еске сала кетейік, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қайырымдылық марафонына 2 мыңнан астам адам қатысқан болатын. Түскен қаражат балаларға арналған әлеуметтік жобаларды іске асыру үшін Қордың бірыңғай қайырымдылық операторы «Samruk-Kazyna Trust»-қа аударылған болатын.

Добавить комментарий