Астанада «Самұрық-Қазына» қорының 15-жылдығына орай «Алтын өлке аңызы» спектаклінің премьерасы өтті
09/06/2023
Елордалық көрермендер «Замандас» отбасылық-аула клубының театр студиясындағы балалар мен оқытушыларының шығармашылығын тамашалады. «Алтын өлке аңызы» спектаклінің премьерасында ерекше есте қалғаны домбырашылар қызықты музыкалық шешімдерімен жиналғандарды тәнті етті. Көрермендердің шынайы әсері мен қошеметі жас әртістерге қанат бітірді.
Спектакльдің негізгі идеясы - ата-аналардың назарын отбасылық құндылықтарға аудару. Балалар мүддесінің, олардың таңдауы мен тілектерін құрметтеуге шақыру. Қойылымның негізгі өзегі отбасындағы ахуал баланың жан-жақты қалыптасуына әсер ететінін, табиғатпен үйлесімде болуы көкжиегін кеңейтетінін көрсету.
Спектакльдің басты кейіпкері - Қаракөз есімді қыз. Оның болашақты болжай алатын қасиеті бар. Сондықтан туған ауылынан қуылады. Отбасынан алшақтап, ауыл тұрғындарынан зәбір көрген қыз кек алуға бел буады. Осылайша ол қаһарлы сиқыршыға айналды. Алайда махаббат пен ізгілік Қаракөзді ғана емес, ауылдағы барлық баланы құтқарды.
Қойылымға «Замандас» отбасылық аула клубының 80-ге жуық тәрбиеленушісі, оның ішінде жас актерлер, домбырашылар мен бишілер қатысты.
«Бүгін біз әдемі аңызға қанығып, керемет ертегіні тамашаладық. Сонымен қатар сахнаның сәніне айналған, балаларымыздың жұлдызы жанғанына сәтке куә болдық. Біздің балаларымыз талантты, әрі шынайы өнер көрсетті. Оларға болашақта табыс, денсаулық, сондай-ақ армандарының жүзеге асуын тілеймін!» - деді «Samruk-Kazyna Trust» бас директоры Альфия Адиева премьера барысында.
Қор бірнеше жыл бойы қолдап келе жатқан елордалық «Замандас» отбасылық-аулалық клубы әлеуметтік осал санаттағы балаларға түрлі шығармашылық, спорттық және білім беру секциялары мен үйірмелерде тегін оқуға мүмкіндік беріп келеді. 2023 жылы клуб аясында 3000-нан астам баланың көкжиегі кеңейіп, ата-аналарына психологиялық қолдау көрсетілуде.
«Біздің тәрбиеленушілер бос уақытында клубқа барып қана қоймай, өз мақсаттарын жүзеге асыруға ұмтылады. Республикалық чемпионаттарда жеңіпмаз атанып, кандидаттар мен спорт шеберлері болады, шығармашылық конкурстар мен жарыстарда топ жарады. «Алтын өлке аңызы» қойылымы бірнеше ай бойы еңбек еткен ұйымдастырушылардың, оқытушылар мен балалардың командалық жұмысының тағы бір жетістігі», - деп атап өтті «Замандас 21» қоғамдық қорының директоры Ләззат Алшынова.
«Замандас» отбасылық аула клубының бас серіктесі, сондай-ақ іс-шараның демеушісі «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы - «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.
Добавить комментарий