ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

Ақтөбе облысында 1200-ден астам бала оңалтудан өтті

12/10/2023

«Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен өткен жылдан бері Ақтөбе облысында жұмыс істеп тұрған екі оңалту орталығында алғаш рет тәй-тәй басып, бірінші сөзін айтқан бүлдіршіндердің жетістігі қуантуда. Ақтөбе қаласында ашылғанына ерте араласу орталығы бүгінде 500ге жуық балдырғанның мүгедектігін алдын-алуға күш салса, оңалту орталығында 773 ұл-қыз кешенді емнен өтті.

Соның нәтижесінде қазір 95 бала өз аяғына нық тұрып, 178-нің алғаш рет тілі шықты.

Ерте араласу орталығында 3 жасқа дейінгі шала туған, денсаулығында өзге де кінәраты бар балалар емделеді. Ал оңалту орталығында 3 жас пен 18 жас аралығындағы жүйке жүйесі, бұлшықет және нейрохирургиялық сырқаттары бар балалар қабылданады. Екі орталықтың да жылына 600ге дейін  ерекше балаларды оңалтудан өткізуге мүмкіндіктері бар. Емдеу курсы 21 күннен тұрады.

Алдағы уақытта Ақтөбе облысында  «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қаржыландыруымен аутизмі бар жеткіншектерге арналған мекеменің тұсауын кесу жоспарлануда.

«Самұрық-Қазына» АҚ Ақтөбе облысының дамуына көп көңіл бөліп келеді. Мәселен, 2016 жылдан бастап өңірде жалпы сомасы 2 млрд теңгеден астам қаржыға бірнеше әлеуметтік жобалар іске асырылды.

Добавить комментарий